Қоғам

Балқашта 8 сынып оқушысы полицияға «террористер» туралы хабарлаған

Хабар жалған болып шықты, деп newsroom.kz хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«18 мамыр күні Балқаш қаласының полициясына белгісіз адам хабарласып, мектептердің бірінде террористердің жүргендігі туралы айтқан. Оқиға орнына полиция органдарының жедел-тергеу тобы мен өзге де жедел қызметтердің өкілдері жетті. Абырой болғанда, ақпарат расталмады», деді ІІМ экстремизмге қарсы күрес департаментінің бірінші басқарма бастығы Алмас Талқанбаев. 

Тәртіп сақшылары мектептің сегізінші сынып оқушысын анықтады. Ол дене шынықтыру сабағында өзінің сыныптасының телефонын алып, ойын ретінде полицияға террористер туралы көрінеу жалған ақпарат берген.

Оқушы ата-анасымен және мектеп қызметкерлерімен бірге полиция бөліміне жеткізілді. Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу міндеттерін орындамағаны үшін баланың заңды өкілдеріне әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Айта кету керек, мұндай шақыртуларға барлық шұғыл қызметтердің мамандары жұмылдырылады. Мемлекеттік бюджетке үлкен шығын келтіріледі.

«Бұл жағдайда ішкі істер органдары жалған шақырту салдарынан келтірілген шығынды өтеу бойынша сотқа арыз беретін болады», деді ведомствода.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.