Қоғам

Сұмдық! Шымкентте сәбиін 4-қабат терезесінен салбыратып тұрған

Шымкенттік келіншектің кішкентай баласын көпқабатты үйдің 4-қабат терезесінен салбыратып тұрған сәтті ауладағы көршілері байқаған. Олардың бірі оқиғаны видеоға түсіріп алған, деп newsroom.kz хабарлайды exk.kz дереккөздеріне сүйене отырып.

Бейнежазбаны @Шымкент Онлайн Telegram-каналы жариялады. Ондағы мәліметке сенсек, оқиға «Водоканал» аумағында болған.

Әйелдің әрекетін ауладағы балалар байқаған. Олар үлкендерге «мұнда қараңыздар» деп айтып көмек сұрайды. Көршілердің бірі «Неге олай жасап тұрсыз?» деп сұрағанына ешқандай жауап болмады. Ал кішкентай бала шыңғырып жылап тұр.

Видеода келіншек сәбидің анасы екені айтылады. Оның әрекеті желі қолданушыларын шошытты.

«Жаратушы ием әлемді мұндай залым адамдардан құтқара гөр», «Пәтерге тез арада барып, сазайын беру керек», «Шымкенттік аналарға не болған? Естерінен адасқан ба?», «Адам шошытарлық! Мен жеке үйде тұрамын, тереземіз биік. Соның өзінде балам құлап кете ме деп қорқамын», «Әйелдерге не болған? Бірі баласын ұрады, екіншісінің жасап тұрғаны мынау. Ата-ана құқығынан айыру керек» деп жазды желі қолданушылары.

Қазіргі таңда полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Фото: exk.kz

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.8 / 5. Бағалар саны: 4

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.