Ғылым

Қазақстандық бірлестік «EuroParents» ұйымдастырған халықаралық конференцияға қатысты

Ұлттық сананы жаңғырту, түлету, отбасы құндылығын арттыру мақсатында қарқынды жұмыс атқарып келе жатқан «Сенімен болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі еуропалық деңгейге шықты, деп newsroom.kz хабарлайды.

Бұған Бірлестіктің ұйытқы болуымен осы жылдың 17 тамызында Астана қаласында өткен ата-аналарға арналған тамыз конференциясы себеп болды. Ауқымды деңгейде өткен жиынға «EuroParents» еуропалық ата-аналар ассоциациясының вице-президенті Aivar Haller арнайы қатысып, жемісті де нәтижелі еңбек етіп жатқан ұйымға риза болған еді.

Міне, осы шақырту негізінде бірлестіктің өкілдері Астанадан Люксембургке барып қайтты. Делегация құрамында бірлестігіміздің құрылтайшысы, қоғам қайраткері Нұркен Асанов пен төрағасы Жансая Бердімұратқызы, төраға орынбасары Алия Жұманиязқызы және Павлодар облыстық филиалының басшысы Хызыр Жанарыс болды. Бұл сапардың басты мақсаты – Еуропадағы 25 елдің ата-аналар ұйымдарының басқарушы өкілдері қатысатын конференцияға Қазақстанның атынан серіктес ретінде қатысу.

Екі күнге созылған конференцияның бірінші күнінде Люксембургте «Parents together for education» – «Ата-аналар білім алу үшін бірігеді» тақырыбында пленарлық отырысы өтті. Алдымен «EuroParents» еуропалық ата-аналар ассоциациясының Президентінің сайлауы өтіп, осыған дейін президенттілікке Victor Petuya қайта сайланды. Келесі кезекте 25 елден келген бірлестік өкілдері өздерінің жұмыс жоспарларын, атқарылып жатқан іс-шараларын таныстырды.

Нұркен Жарылқапұлы алғы сөзін ағылшын тілінде бастады. Негізі бес тілде еркін сөйлейтін қоғам қайраткерінің ана тілі – қазақ тіліне деген сүйіспеншілігі ерек екенін есті жанның бәрі біледі. Сол себептен де негізі баяндамасын қазақша жасап, бірлестіктің қалай өмірге келгеніне қазақ тілінде баяндап берді.

Қазақ ұлтын насихаттау мақсатында бірлестіктің логотипі салынған қазақтың ұлттық аспабы қара домбыраны ассоциацияның президентіне сыйға тартып, бұл аспаптың қазақ үшін орны ерекше екенін мақтана айтып берді. Құрылтайшының сөзін жалғаған бірлестік төрағасы Жансая Бердімұратқызы бірлестік өткізген ауқымды іс-шараларға тоқталып, алдағы кешенді жоспармен таныстырды.

Ассоциация президенті Victor Petuya мырза бір бағытта жұмыс істеп жатқан бірлестіктерге ары қарай да сәттілік тіледі. Соның ішінде ашылғанына бір жыл болса да елеулі еңбек етіп жатқан «Сенімен болашақ» РҚБ құрылтайшысы Нұркен Асанов мырзаға алғысын білдірді. Алдағы уақытта Қазақстанға барғысы келетінін, бірлестік жұмысымен танысқысы келетінін жеткізді.

Сонымен қатар, сапар барысында Амстердам қаласында орналасқан «Parents International» коммерциялық емес ұйымының директоры Eszter Salamon мен кездесу өтті. Eszter ынтымақтастық пен бірлескен үлкен жобаларға әрқашан дайын екенін жеткізді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.