Қоғам

Президент сайлауы – ел келешегі үшін үлкен жауапкершілік жүктейтін күн

Елімізде биыл айтулы оқиға. Қазақстандықтар өз Президентін сайлайды. Президент сайлауы – тек Мемлекет басшысын ғана таңдау емес, бұл – ел болашағы үшін де жасалатын маңызды қадам. Сол себепті саяси маңызы зор шараға қатысу, жауапкершілік таныту – әрбір азаматтың құқығы әрі парызы.

Қазіргі таңда Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президенті сайлауында бақ сынайтын 7 үміткерді толық мақұлдады. Олар қазір өз бағдарламаларын дайындауда. Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары 21 қазан күні сағат 18:00-ден басталып, 18 қараша күні сағат 24:00-ге дейін жалғасады.

19 қараша тыныштық күніне ұласып, 20 қараша сайлау басталады. Дәл осы аса маңызды күнде отандастарымды белсенділік танытуға шақырамын.

«Мен жанбасам лапылдап,

Сен жанбасаң лапылдап,

Біз жанбасақ лапылдап,

Аспан қалай ашылмақ»,- деп Назым Хикмет жырлағанындай, жаңа Қазақстанның қалыптасуына, қоғамның өзгеруіне әрбіріміз жауаптымыз.

Бұл сайлау елімізге жаңа серпін әкеліп ғана қоймай, болашаққа нық қадам жасауға үлкен мүмкіндік бермек. Әлеуметтік жағдайымыз тұрақты, экономикамыз қарқын алған заманда ертеңгі болашаққа сеніммен қарайтын әрбір азамат сайлаудан қалыс қалмауы тиіс.

Президент сайлауы біздің еліміздің бірлігі мен тұтастығының, азаматтық қоғамның айнасын айшықтайтын күн. Сондықтан, Тәуелсіздігіміз тұғырлы һәм баянды болуын қаласақ, Президент сайлауына белсенді түрде қатысайық.

Тельман БЕЙСЕН,

«Turkistan Media Holding» ЖШС атқарушы директоры

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.