Қоғам

Ашық диалог. Партияның XXIV Съезі туралы өңір жұртшылығының пікірі

«AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIV Съезі мен Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Халықтық коалиция Форумының қорытындысы белсенді талқылануда, деп newsroom.kz хабарлайды.

Мәселен, Ақмола облыстық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы фракциясының отырысында депутат Омар Шоназаров Халықтық коалицияның жуырда өткен Форумын тарихи оқиға деп атады.

«ҚХА Ақмола облыстық филиалы төрағасының орынбасары ретінде, дәл қазіргі уақытты елімізге бірлік пен тұрақтылық қажет деп санаймын. Бұл мызғымас құндылықтар «АМАNАТ» партиясының тұғырнамасында көрініс тапқан», – деп атап өтті халық қалаулысы.

Қостанай қаласында «TALQYLAU» өңірлік диалог алаңының отырысы өтті. Талқылау барысында Қазақстан Халық партиясы Қостанай облыстық филиалының төрағасы Андрей Коваль Халықтық коалицияның құрылуы – қоғамның саяси тұрғыда жетілгендігінің дәлелі екенін атап өтті. «Әрине, Қазақстанның әр азаматы өз қалауына қарай таңдау жасай алады», – деді ол.

Алматы қаласындағы коммерциялық кәсіпорынның басшысы Дархан Төлеуов экономиканы дамыту мәселесіне назар аударды. «Шағын және орта бизнес – бұл кез келген мемлекеттің тірегі. Сондықтан, «AMANAT» партиясы өзінің Саяси тұғырнамасында кәсіпкерлікті қолдау мәселесіне баса назар аударғанына қуаныштымын», – деді ол.

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Еңкес ауылында аманаттықтар минералды су шығаратын зауыттардың еңбек ұжымдарымен кездесу өткізді.

«Халықтық коалицияның белсенділері Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау мақсатында 400 мыңға жуық азаматтың қолын жинай алды. Әділетті Қазақстанды қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз ету арқылы ғана құруға болады», – деді «Күркелес» бастауыш партия ұйымының төрағасы Мұхит Әсілов.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.