Қоғам

40 жастағы ер адам тиктокта көп отырып, әйелін ұмытып кеткен

5
(2)

Reddit қолданушысы, BraveField лақап атымен тіркелген әйел 40 жастағы күйеуінің үстінен шағым түсірген. Себебі күйеуі жасына қарамастан TikTok-та көп отыратын болып шыққан. Оның айтуынша,  40 жастағы күйеуінің әлеуметтік желіде (тикток) көп отыруы отбасындағы жанжалға алып келген. Тіпті ол үйдегі қарапайым жұмыстарды да істеуде қойған.

«Күйеуім тиктокқа кіріп кеткен. Оның жасы 14-те емес, 40-та қой. Ол смартфонын алып жуынатын бөлмеге кіреді де сол жерден шықпайды, сонда отырып ролик қарайды»,- дейді пост авторы. Олардың екі кішкентай баласы бар. Әйелі күйеуінің бұл әрекетін өмірлік жауапкершіліктен бас тарту деп санайды екен.

Бірде, кешкі ас дайындау кезінде әйел күйеуіне 20 минуттан кейін үстелге келуін сұраған. Алайда жуынатын бөлмеге кіріп кеткен күйеуінің әлі шықпайтынын білген әйелі өзі де тамақтанып, балаларының да тамағын беріп, ыдыс-аяқты жуып, жатып қалған.

Дастарханның жиналып, ыдыстардың жуылып қойғанын көрген күйеуі әйелі айғай салған. Осыдан кейін жұп арасында ұрыс басталған.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button