Қоғам

Азаматхан Әміртай неге Тоқаевқа қатты риза болды?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жайлы пікірімен саясаткер Азаматхан Әміртай Qasqa Jol Youtube арнасында журналист Абай Сейфуллаға берген сұхбатында бөлісті, деп Newsroom.kz хабарлайды.

«Ең бастысы –  мен Қазақстанның жаңа кезеңге қадам басқанын көріп отырмын. Жақсыны жақсы, жаманды жаман деу керек. Мен оған тек риза емес, сеніп отырған адамның бірімін. Ең бастысы – сөзінде тұратын, тұрақтылығы бар адам. Әлемдегі реформаторлардың өмірін зерделедім, бәрінде үш ұқсастық бар екен. Біріншісі – олар интеллектуалды адамдар, екінші – таза саясаткерлер, үшіншісі – өз халқын жақсы көретін адамдар. Осы үшеуі де Тоқаевта бар», – дейді ол.

«Оны мұндай кезде айту керек. Қазір айғайшылар көбейіп кетті. Сайлау мажоритарлы жүйеге өтуде. Жаңа партиялар пайда болды. Диванда жатып алып айғайлау бір басқа, нақты халықпен кездесіп, әр адаммен сөйлесу оңай емес. Соны өз көзімізбен көрдік. Кім не десе де біз жаңа кезеңге көштік. Үлкен өзгерістер болады. Егер жаңа Парламентте біз болсақ осы жұмыстың бәрімен айналысамыз» , – деп айтты «Байтақ» партиясының басшысы.

Сұхбаттың толық нұсқасы:

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.