Қоғам

Алматы тұрғынының көшеде пышақпен қорқытып 2,5 млн қаражатын тартып алған

Алматыда тұрғынға қарулы шабуыл жасап, 2,5 млн теңгені иемденіп алған күдіктілер ұсталды, – деп Newsroom.kz хабарлайды Polisia.kz дереккөздеріне сүйене отырып.

Алматыда қарақшылық шабуылға қатысушылар ұсталды.

– Қылмыс Саина мен Ұлықбек көшелерінің қиылысына жақын жерде орын алған. Түнгі сағат он бірлер шамасында бес жас жігіт өтіп бара жатқан адамға шабуыл жасаған. Тонаушылар ер адамды пышақпен қорқытып, жәбірленушінің телефонын тартып алған және мобильді банкинг арқылы жалған есепшотқа 2,5 млн теңге аударуға мәжбүрлеген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілердің жеке басы анықталды. Олар ұсталды. Бұл – Алматы облысының 2000, 2001 және 2003 жылы туған тұрғындары. Қалада жастар жалдамалы пәтерде тұрды, еш жерде жұмыс істемеді. Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың әрекеттері ҚР ҚК-нің 192-бабы 3-бөлігі бойынша сараланды, – деп хабарлады Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Фото: polisia.kz

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.