Қоғам

Үкімет 2027 жылға дейін ауылдарда 40 мың жаңа жұмыс орнын құрмақшы

Премьер-Министр Әлихан Смайылов 2027 жылға дейін ауылдарда 40 мың жаңа жұмыс орны құрылатынын мәлім етті, деп newsroom.kz хабарлайды.

«Биыл жалпы құны 143 млрд теңгеге 1,5 мың жоба жоспарланған. 2027 жылға қарай ауылдық елді мекендерде судың сапасы мен жолдардың жағдайы жақсарады, инженерлік желілер жөнделіп, әлеуметтік, мәдениет және спорт объектілері салынады. 40 мыңға жуық жұмыс орны құрылады», – деді ол Үкімет отырысында.

Әлихан Смайыловтың айтуынша, жобадағы іс-шаралар ауылдардың дамуына жаңа серпін беруі керек.

Ал Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың мәліметі бойынша, шекараға жақын жатқан ауылдарда 1,7 млн адам тұрып жатыр.

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.