Қоғам

Сайлаушылар өз учаскесін қалай таба алады?

Сайлаушылар өз учаскесінің мекенжайын бірнеше тәсіл арқылы анықтай алады.

Біріншіден, сайлау учаскелерін «ЖСН бойынша сайлау учаскесін іздеу» (https://sailau.gov.kz/site/index?language=kk#info) ақпараттық сервисі арқылы табуға болады.

Ол үшін жоғарыда көрсетілген сілтеме бойынша өтіп, тұрып жатқан аймағыңызды таңдайсыз. Содан соң  ЖСН енгізіп, «табу» батырмасын басасыз. Бірер секундтан кейін қажетті ақпаратты ала аласыз.

Екінші тәсіл байланыс операторларының көмегімен жүзеге асырылады. Атап айтқанда, ұялы телефонға СМС арқылы ақпараттық сервистің сілтемесі жіберіледі.

Сондай-ақ сайлау учаскесін «1414», «109» call-орталығына хабарласып білуге болады.

Егер сайлау күні басқа елді мекенде болуды жоспарласаңыз, онда өз сайлау учаскеңізге хабарласып, дауыс беру құқығына сырттай куәлік алуыңыз керек. Осы құжатпен сіз басқа елді мекенде дауыс бере аласыз.

Айта кетсек, сайлау учаскесіне жеке куәлікті алып бару қажет. Сондай-ақ eGov, Kaspi қосымшасындағы цифрлық жеке куәлікті көрсетуге болады.

Еске салайық, Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада сағат 07:00-20:00 аралығында өтеді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.