Қоғам

Президент сайлауы: Кандидаттар 21 қазанда өз бағдарламарын таныстырады

«ҚР Сайлау туралы» заңы бойынша биылғы Президент сайлауы алдындағы үгіт 21 қазан күні сағат 18:01-ден басталып, 18 қараша күні сағат 24:00-де аяқталады. Ал 19 қараша – тыныштық күні, деп newsroom.kz хабарлайды.

Орталық сайлау комиссиясының мәлімдеуінше, әр кандидат өкілдік ететін сайлаушылар санының кем дегенде 1 пайызының қолын жинау қажет. «Бұл жеткілікті уақыт» дейді үміткер Жигули Дайрабаев.

«20 қарашада өтетін Президент сайлауына кандидат болып тіркелдім. Ең алдымен ОСК мүшелеріне, екіншіден санаулы күннің ішінде сайлаушылардың 1 пайыздан астам қолын жинап берген «Ауыл» партиясы мен «Қазақстан фермерлері» қауымдастығының мүшелеріне ризашылығымды білдіремін. Қазақстанның патриоты ретінде оны өте жақсы сезінемін, жауапкершілікті түсінемін. Осы сайлауда кандидат ретінде алға қойған жоспарларым бар. Оның бәрін заңға сәйкес 21 қазан күні кешкі сағат 18.00-ден кейін жариялаймыз. Сайлау заңнамасына сай үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, көпшіліктің қолдауына сенеміз. Әрбір сайлаушының дауысын алуға тырысамыз. Жасыратыны жоқ, өзім де қол жинадым. Жұбайым да көмектесті. Жеке өзім 450-500 қол жинадым», – деді Жигули Дайрабаев.

18 қараша күні үгіт-насихат жұмыстары аяқталғаннан соң, 20 қараша күні қазақстандықтар Президент сайлауына қатысып дауыс береді.

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.