Қоғам

Сұлтан Мұстафин: 30 жыл мемлекет үшін түк те емес. Десе де, еліміз біраз шаруа тыңдырып үлгерді.

5
(3)

Тәуелсіздік! «Егемен ел болған 30 жылда Қазақстан қалай өзгерді?», «30 жылда не тыңдырдық?» деген сауалдарға жауап іздеп, бірсыпырасын желіде жариялап ем.

Құрдастарым Қазақстанды Сингапурмен, Дубаймен, Германиямен көп салыстырады. Бұл салыстырулар әділетсіз деп есептеймін. Тым болмаса адами факторды есепке алса екен, қасқалар…

30 жыл мемлекет үшін түк те емес. Десе де, еліміз біраз шаруа тыңдырып үлгерді.

Елдің 60%-ы жұмыссыз жүрген, мемлекет қазынасында көк тиын болмаған, апталап жарықсыз, сусыз, газсыз, жылусыз отырған, айлап жалақы алмаған, ұры-қарыға жем болған, 5 кг картоп үшін 5 күн жұмыс істеген күндерді көрген де осы Қазақстан емес пе еді?

30 жылда:
1. Жастарды шетелде оқытып;
2. Денсаулық сақтау бағдарламаларының неше атасын іске қосып;
3. Тонналап экспорт пен импорт жасап;
4. Тақтайдай жол салып;
5. Жастарды үймен;
6. Азаматтарды жұмыспен;
7. Жағдайы төмен отбасыларды қаржылық қолдаумен;
8. Ұстазы мен дәрігерін жоғары айлықпен;
9. Халықты жарықпен, газбен, сумен, жылумен қамтамасыз етіп отырған да осы Қазақстан емес пе?!.

30 жылда жеткен жетістігіміз аз емес екенін мойындау керек. Қанағат пен шүкір ете білу керек. Сынды дұрыс айта білу керек. Жақсылардың жақсылығын айту керек!

Мен елімді мақтан етем! Мен терезесі тең, керегесі кең, болашағы айқын, қадамы нық Қазақстанда ояндым! Шүкір!

Мұстафин Сұлтан
Ruh.kz порталының шығарушы редакторы

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 3

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button