Қоғам

Сайлаушылар тізіміне 11 миллионнан астам қазақстандық енді – ҚР ОСК

20 қарашада өтетін президенттік сайлауға 10101 учаске әзірленді, оның ішінде 53 елде 68 сайлау учаскесі құрылды. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров айтып берді.

«Ел бойынша сайлауға барлығы 10 101 учаске іске қосылады, сайлаушылар тізіміне 11 950 485 азамат енгізілді. 4 қарашадан бастап ел тұрғындарына өздерін тізімнен тексеруге мүмкіндік берілді. Учаскелік комиссиялар өз өкілеттіктері бойынша тізімдердегі қателер мен дәлсіздіктер туралы өтініштерді қарайды, оларға тиісті өзгерістер енгізу мәселелерін шешеді. Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанынан 53 елде 68 сайлау учаскесі құрылды», – деді ҚР ОСК төрағасы шетелдік дипломатиялық корпус өкілдеріне арналған брифингте.

Оның айтуынша, Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс беруге арналған сайлау бюллетенінің мәтінін бекітті.

Сондай-ақ, ОСК басшылығы мен мүшелері барлық өңірлерге барып, аумақтық сайлау комиссияларының, учаскелік сайлау комиссияларының, дауыс беруге арналған учаскелердің дайындығын, барлық қажетті инфрақұрылымның дайындығын тексерген.

Айта кетейік, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров шетелдік дипломатиялық корпус өкілдеріне алдағы Президент сайлауына дайындық туралы баспасөз мәслихатын өткізді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.