Қоғам

Араб келіншек: тұмшалану сіздерге керек емес, онсыз да арларыңыз таза

Осыдан жеті, сегіз жыл бұрын Англияда тұрып оқыдым үш жылдай.

Сол кезде отбасылы болғандықтан және Англияда жалғыз өзім отбасымсыз тұрғандықтан  отбасымен тұрып жатқандармен араластым.

Сондай бір отбасылы бір курста оқитын араб келіншекпен қатты араласып кеттім.  Ол мені үйіне шақырып тұратын. Отбасымен демалысқа барғанда мені де шақыратын.

Бірде мен одан -«осы сіздер де ,біз мұсылманбыз, бірақ арамыз жер мен көктей, мен намаз оқымайтын, бес парыздың барлығысын орындамаймын, сіздерге осы біртүрлі болып көрінетін шығар «-деп сұрадым.

Сонда ол маған былай деген Сіздердің имандарыңыз мына бес парызды  ұстанып отырған бізден берік. Сіздерде ол ғасырлар бойы қандарыңызда бар иман деп ойлаймын.

Сіздер кең Қазақстанның әр түпкірінен жиналып ұл-қыздарыңыз бір үйде тұра бересіздер. Ал тұмшалану сіздерге тіпті керек емес, онсыз да арларыңыз таза. Бізде олай жүре алмаймыз, ерлеріміздің иманы Қазақстандың жігіттердің иманындай емес. Бір үйде арабтың ерлері мен әйелдері бірге тұрмапты да АДАМДАРША -деп жауап берді.

Сіздер аманатқа өте берік,істеріңе өте адал .Қыз балалар өте тұрмыста пысық екен»- деп те айтқаны бар еді.

Біз қайбір жетіскенімізден оранып, бүркеніп, тұмшаланамыз-дейсің?!- деп бір кейігені бар еді.

Сол уақытта мен арабтарымды жек көрем, әйел затын қазақ халқы сияқты сыйламағаны үшін. Тарихта қыз деп шақалақ кезінде тірідей көміп тастағаны үшін,  тағдырын тәлкек етіп, қатын үстіне өрімдей  қылып әкемнен он жас үлкен еркекке бергені үшін жек көрем деп жылайтын.

Сендер қыз жат жұрттық деп ,төрге отырғызып сыйлайсыңдар,  сен найманның келінімін деп найман қыздарды қайынсіңлім деп алдыңа жіберіп, төрге отырғызып шайын құясың, қандай керемет.

Мені осы сыйластықтарыңды жүрегіме салып, алып кетемін деп, біз елге оралған кезде жылап қалған еді. Имандарыңды оранып дәлелдеп керек емес екен деген. Бойларыңдағы бар иманды білім-ғылыммен ұштастырыңдар деп қала берген еді.

 

Алуа ДОСЖАНОВА

 

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.8 / 5. Бағалар саны: 15

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.