Қоғам

Саясаттанушы М.Жақау: Мамай айыппұл төлеуден қорықпаса да, жаяу қалудан қатты қорқады  

0
(0)

Саясаттанушы Мақсат Жақау Facebook желісіндегі парақшасында белсенді Жанболат Мамайдың айыппұл төлеуден немесе қоғамдық жұмысқа тартылудан қорықпаса да, жаяу қалудан қорқатынын жазады. Жақаудың пайымдауынша, бұған оның жүргізуші құқығынан айыру мәселесі қаралатын сот отырысынан бұрын видео жариялауы дәлел бола алады.

Сонымен қатар, саясаттанушы Мамайдың видеосын көріп, күлкілі болып көрінген бірнеше мәселені атап өтеді. Оның сөзінше, ролик әдеттегідей эмоциямен әдемі сөзге құралған, нақты аргумент жоқ. Осылайша, Жанболат Мамайдың барлық уақыттағы сөздерінен алып бара жатқан айырмашылық байқалмайды.

«Көпшілік үшін не айтып жатқаны маңызды емес, тек әдемі айтылса болды емес пе. Бұл пропагандамен айналысатындардың ұдайы қолданатын әдісі. Байқағанымыз, Мамай айыппұл төлеуден немесе қоғамдық жұмысқа тартылудан қорықпаса да, жаяу қалудан қатты қорқатын сияқты», – деп жазады ол.

Саясаттанушы Байбек-Мамай сот процессі басталған алғашқы кезде Жанболаттың үш бірдей заңгері, болса қазір Ерлан Қалиевтің ғана қалғанын да атап өтеді.

«Сезікті бірінші секіреді демекші, ертең жүргізуші құқығынан айырылса жаяу қалары сөзсіз», – деп түйіндейді ойын саясаттанушы.

Естеріңізге сала кетсек, Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек «Ар-намысымды таптады» деп Жанболат Мамай мен Инга Иманбаеваның үстінен сотқа арызданған болатын. Азаматтық сотта ерлі-зайыптылар жеңіліп, Байбек туралы түсірген видеоматериалды өшіруге міндеттелді. Алайда Жанболат Мамай мен оның жақтастары деструктивті әрекеттерін жалғастыруда. Заң бойынша сот орындаушысы жауапкердің сот шешімін орындамағаны үшін оның көлік жүргізу құқығын пайдалануын шектеуге бастамашылық жасауға құқылы.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button