Қоғам

«Қазақ және орыс тілдерін білмейді». Бүлік кезінде ауруханадан рұқсатсыз кеткендер болыпты

2.5
(4)

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры Әсел Артакшинова жаппай тәртіпсіздік кезінде ауруханалардан рұқсатсыз кеткендер болғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісіне сілтеме жасаған newsroom.kz порталы. 

«Кейбір зардап шеккендер дәрігерлердің сұрақтарын түсінбей, мемлекеттік және орыс тілдерінде жауап бермеген. Медициналық көмек алғаннан кейін медициналық ұйымдардан рұқсатсыз кетіп, тіпті белгісіз қарулы адамдардың сүйемелдеуімен жансақтаудан шыққан жағдайлар болды», – деді ДСМ өкілі брифинг барысында.

Оның мәліметінше, 2,6 мыңнан астам адам медициналық көмекке жүгінген.

«265 адам ауруханаларда. Оның 67-сі ауыр халде. Қайтыс болған 225 науқастың 175-і медициналық ұйымдарда қайтыс болды», – деді ДСМ өкілі.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 2.5 / 5. Бағалар саны: 4

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button