Қоғам

Мектептегі кабинеттерге шашылған «у» ма, әлде жәй шу ма?

1
(1)

«12 жастан асқан балаларға екпе сала ма? Мектепте денсаулыққа аса қауіпті антисептиктер қойылып, кабинеттерге улы зат шашуда!». Әлеуметтік желіде желдей ескен осындай ақпараттар жаңа оқу жылы басталғалы елді дүрліктіргені рас. Оқушыларға вакцина салу үшін қаулы шыққаны рас па? Мектептерде шашып жатқан у ма, әлде құр шу ма? Бұған құзырлы органдар не дейді? Анығы қайсы? Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап newsroom.kz порталы хабарлайды.

«Қазақстанда 12 жастан асқан балаларға COVID-19-ға қарсы вакцина салады!» деген жазба әлеуметті желіні дүр сілкіндірді.  Ата-аналарды алаңдатып,  қоғамда қызу талқыға түскен ақпар 2-3 күннің ішінде  резонанс тудырды. Анықталғандай, бұл хатты  Қызылорда облысы Жалағаш ауданы білім басқармасы мектептерге жолдапты. Онда….

«Аудандық білім бөлімі санитарлық эпидемиологиядық орталығының 07.09.2021 жылғы  нөмірі 2216 санды хатына сәйкес 12 жастан асқан балаларды коронавирус инфекциясына қарсы екпе жұмыстарын жүргізу жоспарланғандығын хабарлайды. Осыған орай, Сізден екпе жұмыстарына байланысты, төмендегі кестеге сәйкес толық мәліметті 9 қыркүйегіне дейін білім бөліміне жолдауды тапсырады».

Хатта көрсетілген ақпаратқа сәйкес,   балалар туралы мәлімет 9 қыркүйекке дейін толық берілуі тапсырылған. Алайда,  елді дүрліктерген бұл құжатқа қатысты Қызылорда облысының әкімдігі мәлімдеме жасады.  Олардың сөзінше,  әлгі  қағаз түсіндірме жұмысын жүргізу мақсатында жолданыпты-мыс. Алайда….
АҚЗИРА ҚАСЫМОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Аудандық білім басшысы дұрыс жеткізбегені үшін сонымен қатар, біздің тарапымыздан мұндай берілген жоқ. Тексеріс барысында, тәртіпке жауапкершілігін қарадық. 18 Жасқа деййін ата-ананың келісімінсіз ешқандай екпе жүргізілмейтіні келтірлген».

«Балаларды әбден улап болдыңдар!»
Елді үркіткен тағы бір фейк видео осы. Бейнежазбада белгісіз азамат балабақшада дезинфекция жүргізіп, бүлдіршіндерді улап жатқандығы айтылған. Оқиға Атырау облысы, Жылыой ауданында болған. Анықталғандай, ата-аналардың бірі мәселенің анық-қанығын білмей әлемжеліге теріс ақпаратты таратып үлгерген, дейді жергілікті әкімдік. Ал жалпы еліміздегі эпидахуалға байланысты күніне екі мәрте мектептерде және балабақшаларда тазалау және жуу жұмыстары қаулыға сәйкес жүргізілуде екен.

АЙГҮЛ ЖҰМАҒҰЛОВА, ҚАЛАЛЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: «Бас санитардың дәрігердің  36 қаулысына сай,  ковид 19 қарсы, карантиндік және шектеу шараларына бірге жасалып жатыр. Қаулы талаптарына сай, күнінен кем дегенде екі рет болмағнда, жуу жұмыстары тазалық жұмыстары мектептер мен балабақшаларда дезинфекциялар жасалу керек».
Ватсап, телеграм мессенджерлерде оқу жылы басталғалы тағы бір ақпарат желдей есті. Мектептердегі антисептиктер уланған, одан қалды ата-ананың рұқсатсыз балаларға белгісіз бір құжатқа қол қойдырыпты деген қауесет тарады!  Алайда ата-аналардың арасында қызу талқыға түсіп үлгерген түрлі фейк  дақпыртқа Білім министрлігі нүкте қойды!

МӨЛДІР ӘБДУАЛИЕВА, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: «Қазір әлеуметтік желілерде еліміздегі мектептерде денсаулыққа қауіпті антисептиктер қолданылып жатқаны туралы хабарламалар талқыланып жатыр. Яғни, пайдаланылатын сұйықтық қауіпті болуы мүмкін деген ақпар бар. Шын мәнінде, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл қауесетті ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау Комитеті де жоққа шығарды. Білім беру ұйымдарында қолданылатын барлық дезинфекциялау құралы қауіпсіз болып табылады. Вирустар мен патогендер дезинфекциялық заттардың құрамына кірмейді, сәйкесінше оларды қолдану нәтижесінде ауруды жұқтыру мүмкін емес».

Айта кетейік, заңгерлер  желідегі күмәнді әрі шындыққа жанаспайтын  мәліметтерді таратқан азаматтар үшін арнайы бап қарастылғанын айтады.  Атап айтқанда  фейк таратқаны үшін 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеуден бастап, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 1 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button