Қоғам

Аспаннан награда жауған күн! Құрмет неге құрметсіз қалды?

Құрметсіз қалған Құрметті құрметтейік.

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай, елімізде Мемлекеттік наградалармен біраз азаматтар мен азаматшалар марапатталды.

Есімі елге белгілі және түрлі салаға еңбегі сіңген адамдардың алуы әрине заңдылық. Мәселен, отандық QazVac вакцинасын әзірлеген Күнсұлу Зәкәрия әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлықты алды. Дегенмен, текті ғалым мемсыйлық ақшасын үйге мұқтаж жандар үшін Жамбыл облысына аударатынын айтқан.

Дәл осы жерде айта кететін жайт, былтыр қуаңшылық қысқан кезде жалпақ қазаққа үндеу тастап, елді бірлікке шақырған Құрмет Талапқазы түк мемлекеттік наградасыз қалды. Шымкент қаласы әкімінің тарапынан сыйлық алғаны рас екен. Бірақ, ол Мемлекеттік сыйлық емес қой.

Осы орайда newsroom.kz порталының осы мақаланы оқыған оқырмандары үшін #ҚұрметҚұрметтелсін хэштегімен арнайы акция бастауды ұсынамыз. Осылайша елді ән-күйімен немесе өлең-жырымен емес, қуаңшылық кезде халық игісіне жарайтын мал-жанның қамын ойлауымен бірлікке шақырған Құрмет Талапқазының құрметтелуіне өз үлесімізді қосайық.

 

Қоңырақын ҚАРАБАЙ

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.3 / 5. Бағалар саны: 30

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.