Қоғам

Жамбыл облысында алтын қазғандар құрықталды

4
(1)

Жамбыл облысында заңсыз алтын қазған қылмыстық топ мүшелері құрықталды. Олардың бұл іске тыңғылықты дайындалғаны соншалық, тау ішінен шахта қазып, заманауи құрал-жабдықтарды пайдаланған, деп хабарлайды newsroom.kz. порталы «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шу өзені бойынан кәсіби аппараттармен жабдықталған цех табылды. Онда құрамында бағалы металл бар кен өңделіп келген. Ал бұл іске қажетті шикізатты күдіктілер Мойынқұм ауданы, Ақбақай ауылынан 20 шақырым аумақта орналасқан «Қаракөз» жер учаскесінен тасып отырған. Ол жерде алтын қазушылар шахта жасап, күні-түні тоқтамай жұмыс істеген. Барлығы бұл заңсыз өндіріске 9 адам тартылғаны анықталды. Қазір оларға қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Күдіктілердің кінәсі толық дәлелденген жағдайда 3 жылдан 5 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

ҚҰНДЫЗ БӨГЕНБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ӨКІЛІ: «Тінту кезінде алтын кенді өңдейтін 2 құрал , құмды тазартуға арналған 2 аппарат, сондай-ақ 10 тонна көлемінде кен табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды».

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button