Қоғам

“Серпін” бағдарламасымен оқуға түскен студент қызды басшылық оқудан шығармақ

5
(1)

“Дипломдық жұмысың плагиат сен оқудан шығасың”, студент қыз өзіне қол жұмсамақшы!
Лаураның анасы шырылдап көмек сұрауда!

Қарапайым ана Жетісайдан, Қостанайға жете алмай отыр – деп жазады блогер және қоғам белсендісі Айгүл Орынбек өзінің фейсбук парақшасында.

Оның жазуынш Қостанай қаласы А. Байтұрсынов өңірлік университетіне “Серпін” бағдарламасымен оқуға түсіп, төрт жыл оқып енді дипломын қорғап, бітіремін деп отырған Лаура “Дипломың плагиат” деген сылтаумен оқудан шығарғалы отыр екен.
Университеттегі диплом жетекшісі оқу жылының соңына дейін қайда қараған?

Студенті әр бөлімін , тіпті әр бетін жазып жүргенде диплом жетекші бақылап қадағалап отыру керек емес пе еді?

Дипломның плагиат екенін студент білмеуі мүмкін ал оны бақылап отырған жетекші қайда қарап отырды?

Askhat Aimagambetov университет басшылығы сіздің бұйрығыңызға сілтеме жасап отыр.
Студенттің диплом жұмысы плагит екенін жыл соңына дейін білмей отыратын оқу орынның өзін тексеру керек!

Оңтүстіктен солтүстікке жастарды тарту керек дейсіздер, мынандай әділетсіздіктен кейін кім барады?

Қызға бір жағдай болатын болса, Университет ректорынан бастап, басшы құрам, диплом жетекшісі бәрі кінәлі болады! – деп ойын түйіндеді А.Орынбек.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button