Қоғам

Террорлық қауіпті қалай анықтауға болады? (Видео)

Алматы полициясы террорлық қауіпті қалай тануға болатынын айтты, – деп Newsroom.kz хабарлайды Polisia.kz дереккөздеріне сүйене отырып.

Алматы полициясының қызметкерлері лаңкестік әрекетке осал нысандарда тақырыптық сабақтар өткізіп жатыр.

Олардың қатарында оқу орындары да бар, олардың қызметкерлері үшін “Террорлық қауіп-қатер кезіндегі өзін-өзі ұстау ережелері” тақырыбында семинар ұйымдастырылды.

Полиция өкілі ЛӘО нысандарын лаңкестікке қарсы қорғауды ұйымдастыру ережелеріне тоқталып, бұл жұмыс ерекше бақылауда екенін атап өтті.

Оқыту шараларымен террористік тұрғыдан осал нысандардың барлығы 850 басшы мен 13 мыңнан астам қызметкер қамтылды.

Сонымен қатар экстремизмге қарсы күрес бөлімшесі ЛӘО нысанының дайындығы тұрақты түрде тексеріліп жатқанын, нәтижесінде 303 нысанның басшыларына терроризмге қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша белгіленген талаптарды бұзуды жою туралы ұйғарым шығарылғанын айтып өтті.

Фото: 24.kg

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.