Қоғам

Қонақ деген «құт» емес: экс-шенеунік мұң шақты

Күні кеше ғана елордадан келген биік мәртебелі шенеуніктерді һәм қонақтарды күтемін деп істі болған екібастұздық шенеуніктердің соты жұрт назарын аударды.

Аталмыш оқиға туралы бірқатар басылымдар ақпарат  таратты. Онда 37 жастағы экс-шенеунік елордадан келетін жоғары дәрежелі шенділердің жағдайын жасаймын, солардың ас-суын әзірлеймін деп істі болғанын айтқан.

Осы орайда, newsroom.kz порталына ел өңірлерінің бірінен хабарласқан экс-шенеунік бұның таңқалатын жайт емес екенін, бұл «дәстүр» бұрыннан келе жатқанын жеткізген. Тіпті, оның кеңес заманында партократтық жүйеде қызмет атқарған атасының айтуына қарағанда, Мәскеуден келетін коммунистердің өзенге салған қармағына сазан іліп бергенін айтқан.

«ЖОО бітіре сала атамнан кейін аудан басқарып, одан облыста өрлеген әкемнің қалауымен қызметке кірдім. Сүйген кәсібім – психолог еді. Алайда, қыңыр әке мен тікбақай коммунист атамның ықпалымен амалсыз мемқызметке мойын ұсындым. Әу баста жұмыс қиын болғанымен, ауқатты әулеттің арқасында ақшадан аса қиналмадым. Тек жұмыс істедім. Осында жүріп үйлендім. Сонда байқағаным, жоғары жақтан келетін қонақтар біз үшін қиын еді. Әрбірінің көңіл табу бір бөлек, ас-суын әзірлеу, күтіп алу, шығарып салу, тиісті жеріне апаруың бір ақырет. Ақыр аяғында мұның бәрін тастайын – деп бизнеске кеттім» – деген ол өзінің қай өңірден екенін, қандай лауазымдар атқарғанын айтудан үзілді-кесілді бас тартып, оны жазсаңдар өздеріңе қиын болады – деп телефон тұтқасын қоя салды.

Өзіңіз шенеунік болып, «құрметті қонақ» күтіп көрдіңіз бе, қадірлі оқырман? Не айтасыз?

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.