Қоғам

Nur Otan төтенше жағдай режимі кезінде өңірлердегі азаматтарға көмектесуде

67 қоғамдық қабылдау өткізіп, 136 адамның мәселесі қаралды.

Еліміз бойынша депутаттар, бастауыш партия ұйымдарының мүшелері және «Nur Otan» жастар қанатының белсенділері коммуналдық қызметкерлерге, полицияға көмек көрсетуді және азаматтардың өтініштеріне ден қоюды жалғастыруда, деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.

Мәселен, жасотандық еріктілер жергілікті билікке қалаларды тазарту мен ғимараттарды қалпына келтіруге көмектесуде. Өңірлердегі партия мүшелері тәртіпсіздіктерден зардап шеккендер үшін қан тапсыруда. Осы күндері филиалдар мен белсенді партиялықтар полиция мен әскери қызметкерлерге қала көшелері мен блокбекеттерде ыстық тамақ ұйымдастырды. Тек Алматының өзінде нұротандықтар қаланың барлық ауданы бойынша мұқтаж азаматтарға 125 млн теңге көлемінде көмек көрсетті. Бірқатар өңірлерде алғашқы күндері қоғамдық жасақтар құрылды.

Мәслихаттардағы фракция мүшелері мен «Nur Otan» бастауыш партия ұйымдарының басшылары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақында өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында қойған міндеттерін халық арасында белсенді түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Партияның баспасөз қызметінің мәліметінше, «Nur Otan» қоғамдық қабылдау бөлмелері де жұмысын жалғастыруда. Биыл 1 қаңтардан бастап 622 адам жүгініп, оның 283-і «111 шұғыл қызмет» байланыс орталығына хабарласқан. Азаматтарды толғандыратын негізгі мәселелер – әлеуметтік қамсыздандыру, жұмысқа орналасу және еңбек құқықтарының бұзылуы, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық сынды мәселелер.

Депутаттар, партия мүшелері – мемлекеттік органдардың басшылары 67 қоғамдық қабылдау өткізіп, 136 адамның мәселесі қаралды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.