Қоғам

Қазақстанда өлу де қымбаттап барады

2022 жылғы қаңтар–желтоқсанда жерлеу қызметтерінің және оған байланысты іс-шаралардың көлемі экономиканың бақыланбайтын секторын есепке алмағанда 13,9 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылғы қаңтар–желтоқсанмен салыстырғанда 2,9 есе артық, деп хабарлайды newsroom.kz.

Ескерту: бір жыл бұрын сектордағы қызмет көрсету көлемінің өсімі айтарлықтай 85%-ды құрады.

 

 

Бұл ретте 2022 жылғы қаңтар–желтоқсанда қайтыс болғандар саны 134,7 мың адамды құрады, бұл 2021 жылғы қаңтар–желтоқсанмен салыстырғанда 26,5% аз.

Еске салайық: бір жыл бұрын қайтыс болғандар саны, керісінше, 2020 жылғы қаңтар–желтоқсанмен салыстырғанда 12,8% көп болған.

 

 

Шамасы, бұл саладағы қызмет көрсету көлемінің өсуі бағаның күрт өсуіне байланысты. Мәселен, биыл наурыз айының қорытындысы бойынша, жерлеу қызметтері бір жылда 24,6% қымбаттаған. Салыстыру үшін: өткен жылдың наурызында өсім 9,3%, 2021 жылғы наурызда — 6,1%, 2020 жылғы наурызда — 2,2% болды.

Өңірлер бойынша биыл жерлеу қызметтердің құны Маңғыстау облысында айтарлықтай өсті: бір жыл ішінде 61,8%. Олардан кейін Қызылорда (59,1%) және Солтүстік Қазақстан (52,7%) облыстары. Ақтөбе мен Жетісу облыстарында жерлеу қызметтері 1,5 есе қымбаттады.

Ең аз қымбаттаған өңірлер Батыс Қазақстан (4,9%), Ұлытау (10%) және Ақмола (10,1%) облыстары. Атырау, Қостанай және Түркістан облыстарында, сондай-ақ елордада баға өзгеріссіз қалды.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.