Қоғам

«AMANAT» мүшелері: референдум – жаңа қоғамдық келісім

Мәжіліс депутаттары – «AMANAT» фракциясының мүшелері мен сарапшылар партияның баспасөз орталығында өткен брифинг барысында Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдумның маңыздылығы туралы ойларын ортаға салды.

Фракция мүшесі Саясат Нұрбек референдумның басты мақсаты азаматтардың мемлекетті басқару үдерісіндегі рөлін күшейту болғандықтан, халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының маңыздылығына тоқталды.

Өз кезегінде Қазақстандық қоғамдық даму институтының басқарма төрағасы Қазбек Майгелдинов азаматтар үшін Конституциялық сотқа тікелей жүгінудің жаңа мүмкіндіктері  бар екенін алға артты. Сондай-ақ, оның заңнамалық қайшылықтарды шешуге және өз мүдделерін қорғауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Азаматтар әртүрлі сатыдағы соттар әділетсіз үкім шығарады деп санайтын кездер аз емес. Ал референдумнан кейін олар үлкен заңды күшке ие Конституциялық сотқа жүгіне алады», деп атап өтті саясаттанушы.

«AMANAT» партиясы Қоғамдық саясат институтының директоры Мадина Нұрғалиеваныңайтуынша, жуырда жүргізілген әлеуметтік зерттеу нәтижелері бойынша респонденттердің 78%-ы қоғамда өзгерістерге деген сұраныс бар деп есептейді.

«Референдум – бұл жаңа әлеуметтік келісім жасау үшін берілген жауап. Қазір азаматтарға ойын ашық жеткізуді үйренетін уақыт келді. Ал алдағы референдум оларға өз пікірін білдіруге мүмкіндік береді. Халық саяси шешімдер қабылдау процесіне көбірек көңіл бөлуде. Мұны кандидаттардың басым көпшілігі өзін-өзі ұсынған ауыл әкімдерінің сайлауынан да байқауға болады. Яғни, мұның бәрі біздің азаматтық санамыздың өсіп, саяси мәдениетіміздің арта түскенін көрсетеді. Бұл үрдіс одан әрі жалғасады», деді Мәдина Нұрғалиева.

Баспасөз конференциясы барысында Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Лаззат Рамазанова соңғы жылдары Қазақстанда азаматтық қоғамның белсенділігі айтарлықтай артқанын, оған жақында  өткен партиялық праймериз дәлел екенін атап өтті.

«Көптеген мемлекеттер билікті орталықтандыру жолымен жүріп келеді. Ал Қазақстан демократияландыруға бетбұрып отыр. Бұған дейін толықтай Президентке берілген біздегі билік, енді орталықсыздандырылып, азаматтық қоғамға, демократиялық қоғамға аяқ басады. Бұл кез келген мемлекет үшін өте маңызды сынақ», деді депутат.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.