Қоғам

Жұғысты болсын! Ернар Айдар әкесіне Lexus LX570 мінгізді

Ернар әкесіне су жаңа Lexus LX570 көлігін мінгізді.

Әнші Ернар Айдардың шаңырағында қуаныш! Өнер иесінің асқар тау әкесі 60 жасқа толды. Мерейлі жасына орай, Ернар әкесіне үлкен сый жасап қуантты, деп хабарлайды Stan.kz сілтеме жасаған newsroom.kz.

Ернар әкесіне су жаңа Lexus LX570 көлігін мінгізді.

«Осы жылы 20-сәуір асқар тау әкеміз 60 жасқа толды, карантин ашылса ағайын-туысты шақырып үлкен той жасаймыз деген ниет болған.
Карантин ашылмай той жасауға қатаң тыйым салғандықтан, тойды кейінге қалдырдық.

Алла қаласа індет жойылып, карантинді толық ашқан кезде тойымызды жасай жатармыз.

Ал әкемізге деген тосын сыйымызды күттірмей сыйлай беруді жөн көрдік.

Қуанышты бөліссең көбейеді дейді ғой, баршаңызға жұғысты болсын!» – деп жазба қалдырды Ернар Instagram-дағы парақшасында.

Ернар көлікті салоннан алып, әкесіне тарту ету үшін Тараз қаласына жеткізді. Кейін әкесіне табыстады.

Жас балаша қуанған Ернардың әкесі қуаныштан көзіне жас алып қалды.
Желі қолданушылары Ернардың бұл әрекетіне риза болды.

«Аман болсын әкелеріміз аналарамыз. Жарайсың, Ернар бауырым», «Қуаныштың көз жасы ғой! Қуанышты күндері көп болсын! Главное денсаулығы мықты болсын, ауырмасын, қалғаны бәрі жәймен келе береді. Қазақта айтады ғой ұрпағыңмен мың жаса деп, мың жасасын! Өзіңізге толағай табыс тілеймін!», «Игілікке мінгізссін», – деп жылы лебіздерін білдірді.

https://www.instagram.com/tv/CSQ8JnNgfox/?utm_source=ig_web_copy_link

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.