Қоғам

Жанболат Мамай 6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды

Алматыда Жанболат Мамайға қатысты сот үкімі шықты, деп newsroom.kz хабарлайды inbusiness.kz дереккөзіне сүйене отырып.

Фото: КазТАГ

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәліметінше, ол 6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында Мамайды құқықбұзушылық жасады деп айыптау іс қаралды: билік өкілдерін қызметтік міндеттерін пайдалану кезінде қорлау, көрінеу жалған ақпарат тарату және жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыру (378-бап 2-бөлігі, 274-бап 2-бөлігі 3-тармақ, 272-бап 1-бөлігі).

«Жанболат Мамай кінәлі деп танылды. Сот жазаны тағайындау кезінде сотталған адамның мінез-құлқы және үш жас баласының болуын ескерді. Айыпты ауырлататын жағдайлар есептелмеді», делінген сот хабарламасында.

Сондай-ақ, бұл ретте билік өкілдерін қорлағаны үшін ескіру мерзімі аяқталуына байланысты іс тоқтатылғаны атап өтілді.

«Көрінеу жалған ақпарат таратқаны және Қылмыстық Кодекстің 63 – бабының негізінде жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғаны үшін әлеуметтік желілерде қоғамдық-саяси қызметпен және публицистикалық қызметпен айналысу құқығынан 6 жылға айыра отырып 6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», делінген Алматы сотының баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.