Қоғам

«Омбы қазақтары» газетіне биыл 15 жыл

Ресейдегі жалғыз қазақ тіліндегі шығатын газетке биыл 15 жыл толып отыр, деп хабарлайды Newsroom.kz 24 Хабарға сілтеме жасап.

Өзге елдегі қандастардың тыныс-тіршілігін, мәдениеті мен әдебиетін насихаттап жүрген «Омбы қазақтары» газетінің оқырмандары баршылық. Қаржылық мүмкіндіктеріне қарамастан газет жарық көріп келеді.

Осыдан 15 жыл бұрын бір топ қазақ зиялылары ана тіліндегі газет жарық көруі тиіс деген идеяларын жүзеге асырады. Газеттің атауын алғашында «Атамекен» деп атайды. Басылымның шығынын сол кездегі студенттер өз шәкіртақыларынан басып шығарады. Бірақ қаржы тапшылығына орай, жоба көп ұзамай тоқтап қалады. Кейіннен тіл жанашырлары ақша тауып демеушілік жасайды. Сөйтіп олар газет атауын «Омбы қазақтары» деп өзгертеді. Бүгінде газет 21 ауданда таралады. Өз оқырмандары да баршылық. Олар өз мақалаларын және хаттарын жіберіп отырады екен. Редакцияда қазіргі таңда 11 адам тегін қызмет етеді. Мақсаттары қазақ тілін қандастар арасында терең насихаттап, халықтың басын біріктіру.

«Осыдан бір жыл бұрын газеттің мерекелік 50 нөмірі жарық көрді. Мерзімді басылым өңірдегі қазақтардың айнасы. Омбыдағы ақпарат құралдарының ішіндегі өзіндік орны бар. Сондықтан біз газетке әрқашан қолдау білдіруге дайынбыз.»,-дейді Рустам Герасимчук өңірлік саясат және бұқаралық коммуникациялар министрлігінің сектор меңгерушісі.

Осы күнге дейін 2 мың данамен шығып келген газет, межені 4 мыңға дейін көбейтпек. Сондай-ақ қазақ тіліндегі басылымды тек қана Омбы өңіріне емес, Ресей аумағына тарату жоспарда бар.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.7 / 5. Бағалар саны: 3

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.