Қоғам

СБЕР мен eGOV дауы: танымал журналист мәжіліс депутаттары жоқ сияқты дейді

4.2
(5)
Қоғам тарапынан маңызды мәселелер талқыланып, елдің болашағына алаңдаушылық болып жатқан кезде біздің мәжіліс депутаттары (почти барлығы) көп жағдайда сондай бір сыпайы екендерін көрсетіп үнсіз қалады.
Тіпті олар байқамай қалған шығар деп ойласаң, олар мысалы керісінше Сберді қолдаған посттарға лайк басып кетеді. Кейбіреулері бейтарап позицияны ұстанғысы келеді, бірақ ұмытпаңыздар бейтараптық ол болып жатқан ситуациямен келісемін дегенді білдіреді. Жеме жемге келгенде бейтараптық танытуға дәл сіздердің құқықтарыңыз жоқ деп есептеймін. Сбер туралы әңгіме басталған кезден күн сайын үкіметтің мүшелерін жестко сұрақтардың астына алу керек едіңіздер. Бірақ олай істеудің орнына, депутаттық кресло маңыздырақ сияқты көрінеді. Депутаттыққа Олжас Ордабаев , Болат Башеевтер барғанда біраз өзгерістер болар ма еді.
P.S. Айтпақшы, айтишниктерден депутат болып барғандар бар ма? Мысалы, сол жерде кезінде IT мәселелері бойынша эфиріме талай қатысқан Tilektes Adambekov бауырымның депутат болып барғанына іштей қуанғанның бірі едік, дәл осы мәселе бойынша жестко сұрақтарды көтерген моментті байқамадым. Ал, Erlan Sairov ағамыз керісінше Сберді қолдап жазған постты қолдайтынын көрсеткен. Эксперт болып жүрген кезінде Ресей бойынша кез келген мәселеде өзінің ашық пікірін білдіретін Aidos Sarym мырзаның да үнсіз отыруы кәдімгідей күмәнді деп жазды белгілі журналист Ерболат Мұхамеджан өзінің фейсбук парақшасында. 
Байқадыңыздар ма?! Кейбір блогерсымақтар мен ITсымақтар Ресейдің мемлекеттік банкі Сберді мақтап пост жазып бастады. Тіпті бір керемет білімді екендіктерін көрсеткісі келіп бірнеше аргументтер ұсынғысы келеді. Тек сендер ешнәрсе айтпай-ақ қойыңдаршы. А то ыңғайсыз екен кәдімгідей. Принцип ноль екенін осыған дейін елдің ішіндегі мәселелерді талқылау кезінде байқатып қойғансыңдар. Енді елге шын жандарың ашыса, жігіттер осы жерден тоқтай салыңдар (ұят болса әрине).
P.S. Өзіме Халық банк және Каспий банк ұнайды. «Да, может быть, он и сукин сын, но это ― наш сукин сын».
UPD:
Елге пайдасын тигізіп, нақты өнім жасап жүрген айтишниктің жекеме жазғаны: «Айтишниктер қарсы наверное 90%. 10% тоже қарсы, просто сыйлағаннан үндемей отыр. Мен түгел за дегенді көрмедім әлі».

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.2 / 5. Бағалар саны: 5

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button