Қоғам

ҰБТ тапсыру форматы өзгеруі мүмкін

Осыған дейін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов педагогтердің кезекті Тамыз конференциясында атап өткендей Қазақстанда оқушылардың басты емтиханы – Ұлттық бірыңғай тестілеу форматына өзгеріс енгізіп, қағаз форматтан компьютерлік тестілеуге ауыстыру мәселесі қарастырылуда, деп Newsroom+ақпарат агенттігі Nur.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бірқатар қазақстандық сарапшылар түлектерге емтиханды ыңғайлы түрде өткізу бойынша жоспарланған өзгерістерге өз ұсыныстарын білдірді. Осылайша, «Qazbilim» республикалық білім беру орталығының басшысы Оразбек Әбсаттаров емтихандарды компьютерлік форматта өткізу бірқатар артықшылықтар беретінін атап өтті. Мысалы, барлығын белгілі бір шеңбер аясында шектей бермей, оқушылардың өздеріне тестілеудің күні мен уақытын таңдауға неге мүмкіндік бермеске? Сонымен қатар, компьютерлік форматтағы тестілеу әрдайым бір шарттар аясында өтетіні атап өтілді. Олай болса ҰБТ-ны түр-түрге бөлудің қажеті қанша, егер оны бірнеше рет тапсырып, кез-келген нәтижесін білім беру грантын тағайындау конкурсына құжаттар тапсыру кезінде қолдана алатын болса?

«Апелляцияның қазіргі форматын толықтай әділетті деуге келмейді, себебі студент ауқымды ақпаратты есте сақтап, келесі күні ғана апелляцияға беруі қажет. Ал Қазақстанда мұндай формат қазірдің өзінде іске асуда: компьютерлік форматта өткізілетін Ұлттық біліктілік тестілеу кезінде педагогтер тестілеуді аяқтағаннан кейін апелляцияға жарты сағат ішінде бере алады. Сондықтан біз ҰБТ-ның жаңа форматында осындай тәжірибені енгізуді ұсынамыз» – деп Әбсаттаров мырза пікірін білдірді. Компьютерлік жабдық калькуляторды, Менделеев пен тұздардың ерігіштігі кестелері сынды анықтамалық құралдарды пайдалануды едәуір жеңілдете түседі, өз кезегінде оларды тестілеу кезінде компьютерлік бағдарламаға енгізуге де болады. Демек, осылайша барлығын бір жерде пайдалану арқылы жеңілдей түспек.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 1 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.