Қоғам

Үкіметтің халыққа ашықтығы бағаланды

Үкіметтің ашықтығы — мемлекет пен азаматтар арасындағы өнімді қарым-қатынастың негізі. egov.kz сайтында мемлекет пен халық арасындағы байланыс деңгейін көрсететін бірқатар мемлекеттік ұйымдар, министрліктер мен әкімдіктер туралы мәліметтер күнделікті жарияланып, жаңартылып отырады, деп Newsroom.kz хабарлайды Ranking.kz дереккөздеріне сүйене отырып.

Мәселен, 2023 жылғы 7 ақпандағы жағдай бойынша 18 министрліктің ішінде азаматтар ІІМ-ге, ЕХӘҚМ-ге және ҚМ-ге жиі хат жолдаған: тиісінше 68,5 мың, 65,7 мың және 59,5 мың өтініш. Ең аз өтініш ТЖМ-ге жіберілді: бар болғаны 1,5 мың.

ҚР ЭМ барлық өтініштерге жауап берді, оған 8,1 мың өтініш түсті. Сондай-ақ олар ҰЭМ, ІІМ, СІМ және ТЖМ өтініштерге көп жауап беретін министрліктер қатарында. Аз жауап бергендер ОМ, ЕХӘҚМ және ЦДИАӨМ: тиісінше, өтініш жазғандардың 82,7%, 94,9% және 96,2%-ы ғана жауап ала алды.

Министрлiктердiң азаматтардың өтiнiштерiне жауап беруi құнды көрсеткiш болғанымен, жұмыс сапасын толық көрсете алмайды. Бұл мәселеде азаматтардың қанағаттануы немесе министрлердің қойған сұрақтарына немесе өтініштеріне қалай жауап бергені де маңызды.

Азаматтардың пікірінше, Денсаулық сақтау министрлігінің жауаптарының пайдасы ең аз болды: азаматтардың 41,8%-ы берілген жауапқа қанағаттанбады. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне өтініш жазған азаматтардың да 41%-ы жауапқа қанағаттанбаған. Одан кейін Сауда және интеграция министрлігі: қанағаттанбаған азаматтар үлесі 39,4%.

Бұл көрсеткіште Төтенше жағдайлар министрлігі үздік болып шықты: қанағаттанбау деңгейі бар болғаны 28,6%, бірақ төтенше жағдайларға жауап беретін ведомство үшін бұл үлкен көрсеткіш. Сондай-ақ басқа министрліктермен салыстырғанда Сыртқы істер министрлігі (жауаптарға қанағаттанбаған азаматтардың үлесі 31,1%) және Оқу-ағарту министрлігінде (31,4%) қанағаттанбау деңгейі төмен.

Фото: Egemen.kz

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.