Қоғам

Елордада «Егемендік және Елбасы» көрмесі өтті (фоторепортаж)

«Ел және Елбасы» кітабының таныстырылымы өтті.

Бүгін Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейінде ҚР АҚДМ қолдауымен «Егемен Қазақстан» республикалық газеті дайындаған «Егемендік және Елбасы» фотокөрмесі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz сілтеме жасаған newsroom.kz порталы.

«Егемендік және Елбасы» атты фотокөрмеге Шүкір Шахай, Игорь Бургандинов, Юрий Беккер, Орынбай Балмұрат және Ерлан Омаров сияқты белгілі фотожурналистер түсірген 50 фотосурет қойылды.

Бұл фотосуреттер егемендік жолында ел тарихына енген айтулы оқиғалар мен айшықты сәттермен қамтылған. Әр сурет – жеке бір тарих. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа жүктелген зор сенім мен міндеттердің ақталу кезеңдері бейнеленген туындылар жұртышылыққа фотожурналистердің көзімен ұсынылды.

1

Айта кетсек, шара аясында «Егемен Қазақстан кітапханасы» сериясымен жарық көрген «Ел және Елбасы» кітабының таныстырылымы өтті.

1

Аталған жинаққа еліміздің бас басылымы «Егемен Қазақстан» беттерінде жарияланған, Елбасының мемлекет қалыптастырушы ретіндегі жеке тұлғалық әрі қайраткерлік қырларын ашатын, тәуелсіздік тарихынан сыр шертетін мақалалар топтастырылған. Кітаптың авторлары – жинаққа енген тарихи оқиғаларды өз көзімен көрген куәгерлер.

1

2

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.