Қоғам

Белгілі журналист: Құрмет секілді ауыл баласын биікке көтерейік, биліктегілер!

Бір сағаттың ішінде жүктелген жазбаға үш жүз адамнан астам қолданушы ұнату белгісін басқан. 75 пікір жазылып, 14 қолданушы бөліскен жазба желіде қызу талқылануда.

Суреттегі мына жігіттің есімі – Құрмет.
Атына заты сай жігіт. 
Неге дейсіздер ме?
Маңғыстауда малдар қырылып жатқанында, жалғыз өзі шөп орып (кейін жанына жастар қосылды) Оңтүстік Қазақстан облысынан вагондап малдарға азық жіберді – деп жазды танымал журналист Бибігүл Дәулетбекқызы өзінің фейсбук парақшасына.
Ол «бұл жігіт өзінің еңбегін пұлдамады. Бір тиынсыз күннің 50 градусында (Түркістан облысында оданда шыжып тұр) шөп орды.
Міне, бүгінгі күннің батыры!


Биліктегілерге айтарым:
болмайтын блоХерлер мен сайқымазақ, фонограммамен ән айтатын әншілерді құрметтегенше, осы жігітті ҚҰРМЕТТЕҢДЕР!!!
Бүгінде кім алмай жатыр тәйірі, осы Құрмет орденін? Беріңдер мына жігітке де біреуін! Онын берсе де аздық етпейді. 
Жетер осы күнге дейін сайқымазақпен уланғанымыз. Ендігі осындай Құрмет секілді жігіттердің мәртебесін өсірейік!
Бізге Халықты ойлайтын Азамат керек!
Елдің қамына алаңдаған Ер керек!
Қиындықта қасыңнан табылатын Жан керек!
Сондықтан да, Құрмет секілді ауыл баласын биікке көтерейік, биліктегілер!» – деп өз жазбасын қорытындылады.

Бір сағаттың ішінде жүктелген жазбаға үш жүз адамнан астам қолданушы ұнату белгісін басқан. 75 пікір жазылып, 14 қолданушы бөліскен жазба желіде қызу талқылануда.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.1 / 5. Бағалар саны: 129

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.