Қоғам

Еңбек министрі ана мен баланы қолдауға бөлінетін 750 млрд. теңге туралы айтты

0
(0)

2021 жылы ана мен баланы қолдауға 756 млрд теңге қарастырылған. Бұл туралы халыққа есеп беру кездесуінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов мәлімдеді.

Еңбек министрлігінің басшысы ана мен баланы қолдау әлеуметтік көмек пен әлеуметтік сақтандырудың көпдеңгейлі жүйесі арқылы қамтамасыз етілетінін атап өтті. 2021 жылдың басынан бастап балалы отбасыларға берілетін барлық мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар 5%-ға арттырылды.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік жәрдемақылардың мынадай түрлері көзделген:

– бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы (2020 жылы жәрдемақының орташа мөлшері 121 348 теңгені құрап, онымен 52,3 млрд. теңге сомасына 430 мыңнан астам адам қамтылды; 2021 жылы осы жәрдемақыны төлеуге шамамен 400 мың адамды қамти отырып, 51,4 млрд теңге бағыттау жоспарлануда);

– 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы (2020 жылы сараланған мөлшерде 16 002 теңгеден 24 725 теңгеге дейінгі жәрдемақыны шамамен 121 мың адам 32 млрд теңге сомасына алды; 2021 жылы жәрдемақымен 44 млрд теңге сомасына 145 мың адамды қамту жоспарлануда);

– «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналарға берілетін ай сайынғы жәрдемақы (2020 жылы жәрдемақымен 49,1 млрд теңге сомасына 232,3 мың адам қамтылып, орташа мөлшері 17 780 теңгені құрады; 2021 жылы 52,8 млрд теңге сомасына 234,7 мың адамды қамту жоспарланып отыр);

– 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы (жәрдемақы мөлшері отбасындағы балалар санына байланысты 46 760 теңгеден (4 бала) 186 688 теңгеге (16 бала) дейін сараланған, 2020 жылы жәрдемақымен 236,2 млрд теңге сомасына 392,4 мың отбасы қамтылған; 2021 жылы 282,4 млрд теңге сомасына 442 мың отбасыны қамту жоспарлануда).

– кәмелеттік жасқа толғанға дейін мүгедектігі бар баланың, 18 жастан асқан бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның күтімі бойынша жәрдемақы (2020 жылы 1,4 ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде 104 мың адам жалпы сомасы 57,6 млрд теңгеге жәрдемақы алды; 2021 жылы осы жәрдемақыны төлеуге шамамен 110 мың адамды қамти отырып, 65,2 млрд теңге бөлінді).

Сонымен қатар, жұмыс істейтін әйелдер үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер қарастырылған.

Жүктілікке және босануға байланысты әлеуметтік төлемнің орташа мөлшері 541,3 мың теңгені, ал бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша ай сайынғы төлем 32,3 мың теңгені құрайды.

Зейнетақы тағайындау кезінде әйелдердің әлеуметтік қорғалуын арттыру үшін үш жасқа дейінгі бала күтімі кезеңі еңбек өтіліне есептеледі. Сонымен бірге, әйелдерге бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша демалыс кезеңінде міндетті зейнетақы жарналары субсидияланады.

«Өткен жылы ана мен баланы қолдауға 635 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды. 2021 жылы 756 млрд теңге көзделген, бұл өткен жылғы шығындардан 19%-ға артық», деп хабарлады Серік Шәпкенов.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button