Қоғам

Қостанай әуежайындағы ерекше баспалдақ

Қостанай әуежайындағы ерекше баспалдақ

Қостанай әуежайындағы баспалдақ жолаушыларды таңғалдырды, – деп хабарлайды Newsroom.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап

Желіде жақында ғана жөндеуден өткен Қостанай әуежайындағы баспалдақтың суреті мен видеосы пайда болды. Ерекше дизайндағы баспалдақ қабырғаға тірелген, бірақ онда есік жоқ. Жазба авторларының бірі жобада баспалдақты демонтаждау жұмысы қарастырылмағанға ұқсайды деп тұжырымдаған.

Әлеуметтік желі қолданушылары суретке «Аспанға апаратын баспалдақ», «Гарри Поттердегі» 9¾ платформасы», «Болашаққа жол» деп пікір қалдырған.

Әуежай әкімшілігі жөндеу жұмыстары әлі аяқталмағанын түсіндірді. Есік салу туралы шешім операциялық қажеттілікке байланысты қабылданған.

«Жөндеу жұмыстары әлі жүріп жатыр. Бірақ қазір онда есіктер тұр, жұмыс жоспарлы режимде жүріп жатыр», – деп түсіндірді Қостанай халықаралық әуежайының өндірістік-диспетчерлік қызметінің бастығы Александр Андреев

Дина ШАРИПХАНОВА

tengrinews.kz

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.