Қоғам

Ұшақ билеттері тағы да қымбаттады

Ұшақ билеттері тағы да қымбаттады

Қазақстандағы әуекомпаниялар қызметі бір жыл бұрынғыға қарағанда, 18 пайызға жуық қымбаттады, – деп хабарлайды Newsroo.kz порталы Tengrinews.kz  сайтына сілтеме жасап.

Ақпанның қорытындысы бойынша, әуе билеттерінің бағасы бір жылда Шығыс Қазақстан облысында бірден 45,7 пайызға өсті. Алғашқы үштікте: Маңғыстау облысы – 43,2 пайыз және Түркістан облысы – 34,8 пайыз.

Екі облыста – Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында баға өзгермегені, ал Павлодар мен Жамбыл облыстарында 14,2 және 22,2 пайызға төмендегені нақтыланды.

«Биыл ақпанда елдегі жолаушылар әуекөлігі қызметтерінің бағасы былтырғымен салыстырғанда 17,7 пайызға өсті», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Ресейге қарсы санкциялар аясында Қазақстанның әуе тасымалы мен логистика секторы өзгереді деп күтіледі.

Осылайша, әуе кеңістігін жабуға қатысты қазіргі жағдайға байланысты әуе ағынының бір бөлігі Қара теңіз аймағынан Қазақстан аумағына қайта бағытталды, деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Елдің аэронавигация жүйесінің мүмкіндігі қосымша әуе қозғалысын шектеусіз қабылдауға мүмкіндік береді, делінген министрлік хабарламасында.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.