ӘлемдеҚоғам

Жүктілігі туралы білмеген әйел автотұрақта босанып қалған

2.7
(3)

Өзінің жүктілігін байқамаған Британдық әйел күтпеген босануы туралы айтып берді.  Бұл туралы Metro басылымы жазды, деп хабарлайды newsroom+ақпарат агенттігі.

23 жастағы Салли Смит түнгі клубта жұмыс істейді. Оның айтуынша, оның етеккірі келіп, мүлдем салмақ қоспаған.

«Мен жүкті екенімді Білмедім! Менің ойымша,  керісінше арықтадым», – дейді ол.

Жүктіліктің жетінші-сегізінші айында Смит арқадағы ауырсынулар мазалай бастаған, бірақ  оларды ауыр жұмыстан шаршаумен байланыстырды. Қыз сондай-ақ, алкольден кейінгі жүрек айнуына да мән бермеген.  Бала туылғанға дейін бір апта бұрын болашақ ана  қиындықтар сезіне бастады, бірақ бұл да алаңдаушылық туғызбады.

Босанардан бұрын Смит ауыр жұмыс күнінен кейін үйге оралып, ұйықтауға жатып қалған. Таңертең сағат 10-да қыз қатты іштің ауырсынуынан оянып, әпкесінің кеңесі бойынша шомылуға шешім қабылдады. Сол кезде су кеткен. Апалы-бірден жедел жәрдем шақырған, алайда, олар келгенше әйел босанып қойған. Салмағы 3,11 келі бала аурухананың жанындағы тұрақта дүниеге келді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 2.7 / 5. Бағалар саны: 3

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button