Қоғам

ҚР ОСК мүшелері еліміздің өңірлерінде ҚР Президенті сайлауын дайындау және өткізу мәселелері бойынша көшпелі семинар кеңестер сериясын жалғастыруда

Ағымдағы жылдың 3-5 қарашасында Ортсайлауком төрағасының орынбасары Константин Петров пен ОСК мүшесі Сәбила Мұстафина Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу мәселелері бойынша Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында семинар-кеңестер өткізді.

Семинар-кеңестерге аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері, кандидаттардың сайлау алдындағы штабтарының, БАҚ, уәкілетті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссияларының және ТМД өкілдері қатысты. Іс-шараларға барлығы 613-тен астам адам қатысты.

Семинар-кеңестердің бірінші бөлімінде ОСК мүшелері уәкілетті мемлекеттік органдар мен сайлау комиссиялары мүшелерінің өңірлерде сайлаушылар тізімдері бойынша жүргізіп жатқан жұмысты, сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, мүгедектігі бар азаматтар үшін сайлау учаскелерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету, сайлау процесіне қатысушылардың сайлау процесінің заңдылығын сақтауын қадағалауды жүзеге асыру, дауыс беру күні сайлау учаскелерінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сайлау бюллетеньдерін күзету және жеткізу туралы баяндамалары тыңдалды.

Мәселен, Шығыс Қазақстан облысының АСК төрағасы Е. А. Нәбиев облыста 537 сайлау учаскесі жұмыс істейтінін, онда 3 525 комиссия мүшесі қызмет ететінің  хабарлады. Сайлаушылар тізімдері 2022 жылдың 30 қазанында сайлау учаскелеріне берілді, ал 4 қарашадан бастап сайлаушыларға танысу үшін ұсынылды. Сондай-ақ сайлау учаскелеріне 4 967 есептен шығару куәлігі дайындалып, берілді. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету үшін 400 000 шақыру дайындалды, олар сайлаушылардың мекенжайлары бойынша уақтылы жеткізілетін болады.

Шығыс Қазақстан облысы әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы А. А. Мусинова мүгедектігі бар азаматтар дауыс беретін 284 сайлау учаскесі белгіленгенін хабарлады. Облыстың 537 сайлау учаскесінің 533-і бірінші қабаттарда орналасқан, 469 учаске пандустармен, 429-ы (85%) түрлі тактильді көрсеткіштермен жабдықталған. 475 учаскеде тірек-қимыл аппараты функциялары бұзылған сайлаушылардың, оның ішінде кресло-арбаларды пайдаланушылардың қолжетімділігін ескере отырып, жасырын дауыс беруге арналған кабиналар көзделетін болады. Дауыс беру күні мүгедектігі бар азаматтар тұратын 13 елді мекенде инватакси қызметі ұйымдастырылады.

Абай облысының АСК төрағасы Н. Фесенко 1 қарашадағы жағдай бойынша облыстағы сайлау комиссияларының саны – 486, комиссия мүшелері – 3 290 адам екенін хабарлады. Сайлаушылар саны 1500 адамнан асатын 125 учаскеде азаматтарды тіркеуді тексеру бойынша сервис ұйымдастырылады, 5 учаскеде мобильдік ХҚКО жұмысы ұйымдастырылады.

Облыстың әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы А. Сұлтанова барлық учаскелер мүгедектігі бар адамдар үшін қажетті ресурстармен жарақтандырылғанын, 434 – те пандустар, кіреберісте 384-те тактильді көрсеткіштер, 371-учаскеде тактильді көрсеткіштер бар екенін хабарлады.

Мүгедектігі бар азаматтарға арналған шақыру түймелері, Брайль түріндегі тактильді тақтайшалар, шағылыстыратын сары жолақтар бар. Дауыс беру күні 16 машина 3 елді мекенде инватакси қызметін көрсетеді (Семей қаласы бойынша – 12, Аягөз ауданында – 3, Жарма ауданында – 1). Қалған өңірлерде қажет болған жағдайда дауыс беру кезінде мүгедектігі бар адамдар тасымалдаумен қамтамасыз етілетін болады, көлік сайлаудың барлық кезеңінде кезекшілік ететін болады.

Семинар-кеңестер бағдарламасының екінші бөлімінде ОСК мүшелері аумақтық және учаскелік сайлау комиссиялары үшін кейс технологиясы негізінде іскерлік ойын түрінде тренингтер өткізді.

Осылайша, дауыс беру күніндегі іс-қимыл алгоритмі бойынша сайлау комиссиялары мүшелерінің практикалық дағдылары: сайлау бюллетеньдерін беру, азаматтарды тіркеу, үй-жайдан тыс дауыс беруге арналған сайлау жәшіктерін тасымалдау, есептен шығару куәліктері бойынша дауыс беру, дауыс беру қорытындылары бойынша хаттамаларды ресімдеу және т.б. тексерілді. ОСК мүшелері сайлау комиссиялары мүшелерінің іс-қимыл алгоритмі бойынша нақтылайтын сұрақтар қойып, дауыс беру рәсімін ұйымдастырудағы басты міндет оның ашықтығын қамтамасыз ету екенін еске салды.

Семинарлардан кейін ОСК мүшелері өңірлердің сайлау учаскелеріне барды. Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы мен Абай облысы Бородулиха ауданының сайлау учаскелерінің дайындығы тексерілді. Сайлау комиссияларына ОСК мүшелері тарапынан әдістемелік және консультациялық көмек көрсетілді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.