Қоғам

Картоп пен сәбіз бағасы шарықтады

0
(0)

Картоп бананнан қымбат! Еліміздің бірқатар аймақтарында картоп пен сәбіз бағасы шарықтап кетті. Бір келісінің құны экзотикалық жемістің құнымен бірдей. Базардағы бағаны көрген тұрғындар атқарушы билікке базыналарын айтып жатыр. Нағыз көкөніс пен жеміс-жидекке қарық болатын кезде баға неге өсіп кетті? Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қай базарға барсаң да  саудаласқан жұрт. 5-10 теңге болса да, арзанға алғысы келеді. Жаңыл апа ай сайын алатын 70 мың теңге зейнетақысына бұрынғыдай толтырып азық-түлік ала алмайтынын айтады. Екі апта бұрын ғана келісі 220 теңге болған картоптың бағасы 360 теңге болып кеткен.

Бұл коммуналдық базардағы баға. Ал кей дүкенде келісі 400 теңгеден. Саудагерлердің өзі бұрын-соңды мұндай қымбатшылық көрмегенін айтады. Ал бағаның өсуін оңтүстік өңірден келетін тауар көлемінің азайғанымен түсіндіреді. Айналдырған 2 жүк көлігімен келген көкөніс қала түгілі, облысты қамтуға жетпейді деп отыр.

Әзірбайжан кеше 340 теңгеден келді, 350 теңгеден сатылымға қойдық. Шымкенттікінің бағасы- 320 теңге, 330-340 теңгеден сатылымға қойып отырмыз. Сәбіздің бүгінгі ценасы  400 теңге. Келген кісілер бізге мынадай бағада сатып отырсыңдар, неге ондай бағада сатасыңдар , сіздерді акиматқа айту керек, түрлі сөздерді айтады, бұл жерде біздің кінәміз емес», дейді  сатушы Мәншүк ТӨЛЕПОВА.

 Тұрақтандыру қорындағы картоп пен сәбіз сәуірде таусылған. Ал сырттан әкелген көкөністің бағасын ұстап тұру қиын. Әкімдіктегілер бағаның аспандап тұрғанынан хабардар. Жергілікті бау-бақша өнімі піскенше, оңтүстіктің тауар өндірушілерінен тікелей сатып алып, бағаны реттемекші.

Жанар жағармай өсті, электроэнергиясына тарифтер өсті. «СПК-Ақтөбе» арқылы 2 машина тікелей барып, соны әкеліп, бағаны азайтамыз, дейдіоблыстық кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары Асқар КӨКЕЕВ .

 

– Арзандатқанда қаншаға?
– Қазір оны айта алмаймыз»

Бағаға қатысты базынасын айтып отырған жалғыз ақтөбеліктер емес. Солтүстік өңірдегілер де көкөніс құнының шарықтап кеткеніне наразы. Базарда картоп пен сәбіздің келісін 400 теңгеге саудалап жатыр.

ТҰРҒЫН: «6 түйір картоп сатып алдым. Сорпаға дәмі шықсын деп. Келілеп алуға қымбат өте. Сәбіз де 400 теңге, оған ақшамды қимадым».

Шығыстағылар да Шымкенттен әкелген көкөністің бағасына тәуелді екендерін айтады. Әлеуметтік дүкенде картоп пен сәбіздің бағасы  шамалас, 360-380 теңгеден.

«Жаңа урожай югтан әкеліп жатыр. Сол үшін баға үлкен болып тұр. Надбавка тек 15 процент ғана»дейді кәсіпкер Олжас СҮЛЕЙМЕНОВ.

Оңтүстіктегі бағаға ойыссақ, Шымкентте картоптың келісі  300 теңге, ал сәбізді- 400-ден сатып жатыр. Әкімдіктегілер қымбатшылықты сатылымға биыл піскен өнімнің түскенімен және сұраныстың артуымен түсіндіреді. Соңғы бір жарым айдың ішінде картоптың бағасы 4,5 пайызға, сәбіздің бағасы 17 пайызға өсіп отыр.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button