Қоғам

Өзбекстанда Әйтеке биге құран бағышталмақ

 

Өзбекстанның Науаи облысында «Шешен сөз шебері – Әйтеке би» атты мәдени шара өтті – деп  newsroom.kz хабарлайды жергілікті қазақ диаспорасына сілтеме жасаған “Отандастар Қорының” баспасөз қызметі.

Шараны Науаи туризм басқармасы мен әкімдігі, және мемлекеттік педагогикалық институтының қазақ филологиясы, сондай-ақ Өзбекстан қазақ ұлттық мәдени орталығы Науаи облыстық бөлімі бірлесе ұйымдастырды.

Шараға Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Қызылорда, Тараз,Маңғыстау,Астана қалаларынан 60 делегаттар, Қарақалпақстан республикасы, Бұхара облыстық қазақ ұлттық мәдени орталығы зиялылары, Науаи облысы Кенимех, Үшқұдық, Тамды, Зарафшан, Нұрата аудандарынан жалпы саны 100 шақты қандастар қатысты.

“Кеше Науаи мемлекетттік педагогикалық институтының студенттері өздерінің өнерлерін көрсетті. Жоғары оқу орнында 7 мамандық бойынша студенттер қазақ тілінде білім алуда. Олар Әйтеке би, Жалаңтөс Баһадүр туралы сахналық қойылым көрсетті. Мәдени шара соңы ән мен биге ұласып, қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Келесі жылы Әйтеке бидің туғанына 380 жыл толады. Осыған орай ауқымды іс шараларды халықаралық дәрежеде тойлау жоспарда бар. Тағы бір айта кетейін, ертең баба бейіті басында 500 адамға үлкен ас беріледі. Оны Еркебаев Жалғас деген ағаның ұлы Ербол есімді тараздық кәсіпкер өткізбекші. Жаны жомарт жан үш жылдан бері ас беріп, іс шараларды ұйымдастыруға мұрындық болып жүр”, – дейді Гүлдана Нарымбетова.

Сонымен қатар Науаи туризм басқармасы қызметкерлері Қазақстаннан келген делегаттарға қонақжайлылық танытып, Бұқара қаласына саяхаттауға алып барды.

Естеріңізге сала кетейік, биыл біздің елдегі «Отандастар» қоры» мен Өзбекстанның «Ватандошлар» қоғамдық қоры өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Алдағы уақытта өзбек қазақ ұлттары арасындағы бауырластығын, достығын нығайту бойынша ортақ жобаларды жүргізуді көздеп отыр. Екі елдің этникалық ұлттары әртүрлі мәдени, спорттық шараларды ұйымдастырып, халықтар арасындағы достастығын нығайту.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.