Қоғам

Жемқорлардың қаржысына 70 мектеп салынады

Қазақстанда жемқорлардың ақшасына осы жылдың соңына дейін 70 мектеп салу жоспарлануда, деп жазады newsroom.kz тілшісі LSM.kz-ке сілтеме жасап.

Білім министрі Ғани Бейсембаев оқу орындарының құрылыстары туралы жағдайға түсініктеме беріп өтті.

«Биыл сыбайлас жемқорлардың ақшасына 70-тен астам мектеп салынады. Бұл үшін тиісті құжаттар қолда бар, бізде тізім де бар. Жуық арада бұл тізімге қолдау көрсетіледі және осы мектептердің құрылысын қаржыландыру басталады. Барлығы 20 өңірді қамтиды», – деді ол.

Сондай-ақ, бұл мектептер нөлден салынатындығын немесе қазірдің өзінде басталған ғимараттардың құрылысын аяқтау туралы айтып отырғанын нақтылауды сұрады.

«Оның ішінде жаңа салынатын мектептер де, құрылысы аяқталатын мектептер де бар», – деп түйіндеді министр.

Бұған дейін Қазақстанның арнайы шотына «сыбайлас жемқорлықтан» 50 млрд теңге келіп түскені хабарланған болатын. Енді ол қаржы мектеп құрылысына бағытталатын болады.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін сыбайлас жемқорлықтан алынған 100 млрд теңге 2022 жылдың қараша айында Қазақстанда мектептер салуға бағытталатыны айтылған болатын.

Фото: Egemen.kz

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 3

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.