Қоғам

«Жыл волонтері – 2021» сыйлығына байқау жарияланды

0
(0)

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Жыл волонтері – 2021» халықаралық сыйлығына байқау жариялайды. Байқау ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы негізінде жүзеге асты деп жазады newsroom.kz тілшісі.

Халықаралық сыйлық әлеуметтік және қоғамдық пайдалы міндеттерді еңсеріп, шеше алған волонтерлар мен волонтерлар тобын, отандық және халықаралық волонтерлық ұйымдарды қолдауға арналған. Волонтерлардың бірыңғай платформасы баспасөз қызметінің таратқан ақпарға сәйкес, байқауға қатысуға өтінім осы жылдың 1 қазаннан 20 қазанына дейін қабылданады.

Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде qazvolunteer.kz интернет-платформасында онлайн-дауыс беру өтеді. Онлайн дауыс беруге он күн уақыт берілген. Екінші кезеңге көп дауыс жинаған қатысушылар жолдама алып, олардың жұмысын байқау комиссиясы бағалайды.

«Үздік волонтерлік ұйым»;

«Корпоративтік волонтерлік көшбасшысы»;

«Коронавирустық инфекциямен күреске қатысқаны үшін»;

«Тұрақты даму мақсаттарының көшбасшылары»;

«Үздік әлеуметтік көмекші»;

«Төтенше жағдайларды жоюға белсенді қатысқаны үшін»;

«Хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеуге белсенді қатысқаны үшін»; «Құқық бұзушылық құрбандарына көмек көрсетуге белсенді қатысқаны үшін»;

«Денсаулық сақтауды дамытуға белсенді қатысқаны үшін»;

«Салауатты өмір салтын насихаттауға белсенді қатысқаны үшін»;

«Білімді дәріптеуге қосқан үлесі үшін»;

«Қоршаған ортаны сақтауға және қорғауға қосқан үлесі үшін»; «Бейбітшілікті, достық пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін»; «Тарихи-мәдени мұраны сақтауға және дамытуға қосқан үлесі үшін»; «Зоологиялық қорғау мәселелерін шешуге қосқан үлесі үшін»;

«Әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін» аталымдарының әрқайсысы бойынша үш үміткер үздік деп танылады.

Байқаудың толық шартымен https://award.qazvolunteer.kz/img/Положение-ru.pdf  сілтемесіне өтіп, танысуға болады.

Атап өтерлігі, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды Волонтер жылы деп жариялаған еді. 2019 жылдан бастау алған байқау биыл қатарынан үшінші рет өткізіліп отыр.

 

Жазира БАҚЫТОВА

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button