Қоғам

Бір жасар сәбидің өліміне байланысты ішкілікке салынған анасы тергелуде

Ақтөбеде бір жасар бөбектің өліміне қатысты анасы тергеліп жатыр, деп Newsroom.kz хабарлайды Ktk.kz-ке сілтеме жасай отырып.

Тәртіп сақшылары бүлдіршіннің шетінеп кетуіне ішкілікке салынған келіншек кінәлі болуы мүмкін деп күдіктенеді.

Ерболат Сарқұлов, Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

– Кәмелетке толмаған балаға қатысты сотмедицина сараптамасы тағайындалып, қорытындысы бойынша жүректен қайтыс болғаны анықталды. Аталған дерек бойынша баланың анасына қатысты ҚК 140-бабы кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндетті орындамау бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

34 жастағы келіншектің шетінеген сәбиінен бөлек тағы үш баласы бар. Оның екеуі балалар үйінде тәрбиеленіп жатыр. Маскүнем әйел ана құқығынан айырылған. Қалған екі баласын екінші күйеуінен туып, әкесінің қамқорлығында болған. Алайда соның өзінде тойып тамақ ішпепті. Ашқұрсақ балаларды еріктілер байқап, сәбилер үйіне орналастырған. Бірақ қамқоршы кеңесіндегілер әкесінің үй-жайы бар деп, балаларды қайтарып берген. Кейін кішкентайы шетінеп кетті. Ал ішкілікке салынған әке-шешесі балаларын жерлеуге де асықпаған. Табытты тар бөлменің ортасына қойып, өздері арақтан ес жия алмаған. Төрт жасар Алеша бауырының табытын құшақтап жатыпты. Психологиялық соққы алған бала қазір оңалту орталығында.

Гүлнар Ысқақова, «Аяла» орталығының әлеумет педагогы:

– Чулкин Алексейді «Аяла» орталығына әкелді. Келген бойда жуындырып, тамағын бердік. Енді-енді ортасына үйренісіп келеді. Өзін жақсы сезінеді. Қазір жағдайы жақсы.

Фото: inbusiness.kz

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.