Қоғам

Екібастұзда 70 жасар кісі өз пәтерінде үсіп өлген ба?

WhatsApp желісінде Павлодар облысының Екібастұз қаласындағы қарт тұрғынның үсіп өлгені туралы әңгіме тараған болатын. Алайда полиция бұны жоққа шығарды, деп newsroom.kz хабарлайды exk.kz дереккөздеріне сүйене отырып.

Pavlodarnews.kz ақпарат агенттігінің жазуынша, мамандар ер адамның денесінен зорлық-зомбылық белгілерін де таппаған.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі шынымен де үйлердің бірінде зейнеткердің қайтыс болғанын, бірақ оған пәтердің суық болуы себеп еместігін түсіндірді. Полицияның мәліметінше, зейнеткер көзі тірісінде қан қысымынан зардап шеккен.

Жедел медициналық жәрдем станциясы сағат 17:32-де Екібастұз қаласындағы пәтерлердің бірінде ер адамның есінен танып қалғаны туралы хабарлады.

Медициналық қызметкерлер 8 минутта жетті. Оқиға орнында дәрігерлер 70 жастағы ер адамның көз жұмғанын анықтады. Ешқандай үсік белгілері байқалмады, — деді станцияның баспасөз қызметі.

Ер адам көз жұмған кезде оның жұбайы қасында болған.

Фото: exk.kz

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.