Қоғам

Аманаттықтар Екібастұздың тұрғындарына гуманитарлық көмек жөнелтуді жалғастыруда

Бүгін Екібастұз қаласының жылусыз қалған тұрғындарына «AMANAT» партиясынан кезекті гуманитарлық көмек жіберілді. Бұл – 200 жылытқыш, 400 жылы көрпе, 100 батарея және басқа да қажетті заттар, деп newsroom.kz хабарлайды.

Айта кету керек, Екібастұзда бір аптадан астам уақыттан бері волонтерлер штабы жұмыс істеп тұр. Штабта «Жастар Рухының» және өзге де ұйымдардың өкілдері жұмыс істейді.

«Осындай қиын кезде жағдайға бейжай қарамай көмекке келіп жатқан меценаттар, ҮЕҰ, қазақстандықтардың қатары көп. Екібастұздағы жылусыз қалған үйлерге 4,5 мыңнан астам жылытқыш жеткізілді, оның 2,5 мыңы еліміздің әр өңіріндегі аманаттықтардың тарапынан берілді. Олардың әрқайсысы мұқтаж отбасыларға жеткізіледі. Бұл жұмыс қаладағы жағдай толық тұрақталғанға дейін жалғасады», – деп атап өтті «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалының атқарушы хатшысы Илья Теренченко.

Ол гуманитарлық көмек бір орталықтан таратылатынын атап өтті. Жылытқыш алуға өтінімдер тек волонтерлер штабының +77054057128, +77779965010 байланыс нөмірлері немесе Екібастұз қаласы, Павлодар көшесі, 10 үй мекенжайы бойынша қабылданады.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.