Қоғам

Моңғол халқы наурыз мерекесін қазақтармен бірге тойлады

Моңғолияда биыл Наурыз мерекесі кеңінен аталып өтті. Этникалық қазақтар саны жағынан екінші орында тұрған елде палуандар күресі де осы мереке аясында өткен. Бұл туралы Моңғолия астанасы Ұлан-Батырдағы қандасымыз Айдос Ғабиденұлына сілтеме жасаған newsroom.kz тілшісі хабарлайды.

2006 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан күрес жарысына биыл 128 палуан қатысқан.

Ұлан-Батыр қаласындағы Баян-Өлгей жерлестер қазақ ұйымы өткізген шараға Моңғолия ұлттық күрес федерациясы, Моңғолиядағы Қазақстан Республикасы Елшілігі қолдау танытса, бұл шараға белгілі меценат әрі кәсіпкер Исламбек Салжанов басқаратын қазақстандық «Алтын Қыран» компаниясы да тыс қалмай демеушілік жасаған.

Биылғы жылы ұйымдастырылып отырған ұлттық деңгейдегі күрес спортына Моңғолия елінің президенті қатысуы тиіс болған. Алайда ел Президенті дәл осы мезетте басым көпшілігі қазақтар тұратын Баянөлке аймағында іссапарда болғандықтан, осы жылы қатыса алмаған.

Парламент мүшелері және этникалық қазақтар Х.Бәделхан, А.Тілейхан, Моңғолияның Еңбек, әлеуметтік қамқорлық министрінің орынбасары З.Сарқытұлы аталмыш шараға қатысып, қолдау танытқанын айта кеткен жөн.

Жеңіске жеткен балуандарға алғыс хаттар мен Алтын Қыран компаниясының ақшалай сыйлықтары табысталған.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 3

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.