Қоғам

«Қазгидрометті» 100 жылда бірінші рет әйел басқарып отыр

«Қазгидромет» кәсіпорнын еңбек жолын қатардағы метеоролог болып бастаған Данара Әлімбаева басқарып отыр

2022 жылы 100 жылдығын атап өткелі отырған «Қазгидромет» кәсіпорнын еңбек жолын қатардағы метеоролог болып бастаған Данара Әлімбаева басқарып отыр деп хабарлайды Newsroom.kz сайты egemen.kz  сайтына сілтеме жасап.

«Биыл «Қазгидрометке» 100 жыл! Данара Әлімбаева жайлы атап өткім келеді. «Қазгидрометті» 100 жылдан бері бірінші рет әйел адам басқарып отыр» деп жазды министр.

Қазақстан аумағындағы алғашқы метеорологиялық бақылаулар ХІХ ғасырдың ортасынан басталып, 1848 жылы Қазалы, 1854 жылы Семей, 1856 жылы Ырғыз және Қызылорда, 1859 жылы Алматы және Орал станцияларында тіркелген. Осылайша ХХ ғасырдың басында 28 станция жұмыс істеген.

«Ал бүгінгі күні жерүсті бақылау желісі 347 метеорологиялық станцияны құрайды. Бұл Қазақстан аумағын 78% метеорологиялық мониторингпен қамтиды деген сөз», деді С.Брекешев.

Айта кетсек, 1922 жылдың қаңтарында Орынборда қазақстандық метеорологиялық бюро (Қазметбюро) құрылған.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.