Қоғам

Сұмдық! Шымкентте мұғалімді жұмысқа алу үшін пара алған: сомасы…

Жоғарғы оқу орнында білім алып, қолындағы дипломмен дене шынықтыру пәнінен мектепте мұғалім болуды көздеген азамат алданып, алаяқтық жайтына тап болды. Оқиға Шымкентте орын алған, деп newsroom.kz хабарлайды kz.otyrar.kz дереккөздеріне сүйене отырып.

2022 жылдың 21-қарашасында Абай АПБ-ның «102» арнасына Шымкент қаласының тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, бейтаныс азаматша «мектепке мұғалімдікке жұмысқа тұрғызып беремін» деп сеніміне кіріп, алдын ала 800 000 (сегіз жүз мың) теңге ақшалай қаражатын алып, екі ай бойы алдап келгенін көрсеткен.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Абай АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің тұрғынын анықтап, тиісті басқармаға жеткізді. Ол Шымкент қаласының 43 жастағы тұрғыны болып шықты. Жұмыссыз, бұрын соңды сотты болмаған.

Қазіргі кезде ұсталған азаматшаның басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Фото: kz.otyrar.kz

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 2.3 / 5. Бағалар саны: 4

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.