Қоғам

Санақтың сергелдеңі

5
(1)

Он жылдан аса дайындалған халық санағынан тағы да шу шықты.  Кеше басталған шараға 32 422 адам  онлайн қатысқан.  Олардың 28 382-сі sanaq.gov.kz сайтында, 3528 Egov порталындағы сайт сілтемесін пайдалана отырып жауап берсе, 512 адам санаққа Аitu қосымшасын қолданған.  Алайда онлайн сауалнамадан өткендер мекенжайын толтыру кезінде және тілді білу туралы сұрақтарға жауап бергенде бірқатар қиындықтар туындағанын, қателер шыққанын айтқан. Қоғамда қызу талқыға түскен мәселені Ұлттық статистика бюросы былай түсіндірді.

ОЛЖАС САЙЛАУБЕКҰЛЫ, «ХАЛЫҚ САНАҒЫ-2021» РЕСМИ ӨКІЛІ Видеоны жіті зерттей келе, оның ең алғашқы тұсында, яғни үшінші парақтың он үшінші сұрағына жауап беру кезінде «Сіз қай тілдерді меңгергенсіз?» деген сауалға респондент қазақ және орыс тілдерін меңгергенін көрсеткені анық көрініп тұр. Жалпы санақ парақтарында өзара байланысты сауалдар бірнеше мәрте кездеседі. Сондықтан бұл жүйе сол жауаптардың бірізді болуын реттеу үшін, қадағалау үшін арнайы осындай жолмен құрылған болатын.

Айта кетейік, азаматтар онлайн санақтан өтуі үшін сайты 15 қазанға дейін тәулік бойы қолжетімді болады. Бұл шара тәуелсіз мемлекетіміздің тарихында осымен үшінші рет өткізіліп отыр.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button