Қоғам

Жас отбасыларды қолдау мақсатында әлеуметтік жобалар жүзеге асырылуда

Елімізде жастар мен жас отбасыларды қолдауға арналған тұрғын үй алуға, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсететін түрлі бағдарламалар мен жобалар бар. Солардың бірін «Жария» халықаралық орталығы қоғамдық қорының атқарушы директоры Айсұлу Болатбекова таныстырды, деп newsroom.kz хабарлайды.

Аталған қор елімізде «Жастар арасында отбасы құндылықтарын қалыптастыру» жобасын жүзеге асырып келеді. Жобаны Ақпарат және қоғамдық даму министірлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қаржыландырады.

 

«Қазіргі таңда жоба аясында жастар арасында түрлі оқытулар мен тренингтер өткізіліп жатыр. Қоғам белсенділері жас қазақстандықтарға арналған өзекті тақырыптарды ашатын бейне-подкасттар сериясын түсірді. Мамандар отбасында қарым-қатынасты қалай құру екені жайлы, некеге тұрмас бұрын қандай ерекшеліктерге мән беру керектігі туралы ақпарат беріп жатыр.  Подкасттарды әлеуметтік желілерде «Baqytty Zhanuya» аккаунтынан көре аласыздар», – деді Айсұлу Болатбекова.

Сондай-ақ оның айтуынша, психологтар жастарға отбасылық құндылықтарды нығайту тақырыбында офлайн және онлайн форматта семинарлар мен дәрістер өткізеді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.7 / 5. Бағалар саны: 3

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.